ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРТАЛАС АУДАНЫ

Талас ауданы әкімдігінің бөлімдері нысаналы индикаторлардың орындалуына есебін берді

 

            Қазақстан Республикасының  “Қоғамдық кеңестер туралы” Заңының 5 бабына сәйкес, 2019 жылдың наурыз-мамыр  айларында Қоғамдық кеңестің жанындағы үш комиссияның отырысы өтіп, аудан әкімдігінің 14 бөлім басшыларының нысаналы индикаторларға қол жеткізуі туралы есептері талқыланды. Барлық бөлімдердің индикаторларының орындалуы 100 пайызды құрады.

             Нәтижесінде комиссия отырыстары қорытындыланып, барлық бөлімдерде нысаналы индикаторлардың толығымен орындалғаны атап өтіліп, бөлім басшыларына ұсыныс пікірлер   назарға алынсын деп шешімі қабылданды. Айтылған ұсыныстар:

– бөлім басшылары индикатор талаптарын орындалуын қамтамасыз ету;

-Мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсарту және ақпараттық технологиямен қамту, мүғалімдерінің жұмыс орындарын компьютермен жабдықтау және 2019 жыл – Жастар жылы жариялауына орай, Жастар ресурстық орталығының материалдық-техникалық базасын жақсартуын ұсынды. 

13 нормативтік құқықтық актілердің жобалары (қаулы, шешім жобалары) қаралып ұсынымдар берілді. 

Талас аудандық “Ұлбике” ақын атындағы мәдениет орталығының 2018-2019 ж.ж. халыққа көрсетілген қызметтері және жалпы заңды, жеке тұлғалардан түскен, бюджеттен бөлінген қаржыларына есебі, сонымен қатар Қоғамдық кеңесінің екінші жартыжылдығына жұмыс жоспарын бекіту күн тәртібімен Қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Кеңестің отырысын Қоғамдық кеңесінің төрағасы Ақынбек Бектай жүргізді.

          Есеп беруші мекеме директоры К.Пірман баяндамасын оқып өткізілген іс-шараларын, бюджетте қаралған, арнайы шотқа түскен қаржыларына есебін айтып өтті. Қоғамдық кеңес мүшелерінің қойылған сұрақтарына толығымен жауаптар берілді.

          Қазақстан Республикасының «Қоғамдық Кеңестер туралы» Заңына сәйкес Қоғамдық кеңестің жанындағы сала бойынша комиссиясы мәдениет орталығына барып зерделеу жұмыстарын жүргізді. Атқарған жұмыстарына анықтама дайындалып Қоғамдық кеңеске өткізілді. 

          Қоғамдық кеңестің отырысы қорытындыланып, талқыланған  мәселе бойынша:  

1.Бюджет, қаржы және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту,  қоғамдық құқықтық тәртіпті сақтау, азаматтардың құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер жөніндегі комиссиясының ұсынысын 2-ші жарты жылдықтын жұмыс жоспарына еңгізу; 

2.Аграрлық саясат, ауылдық аумақтарды дамыту, табиғатты және жер ресурстарын пайдалану, техногендік үрдістер, кәсіпкерлікті қолдау, құрылыс, көлік және коммуналдық шаруашылық салаларын дамыту мәселелері жөніндегі комиссиясының 1-4 пунктар бойынша ұсынысын 2-ші жарты жылдықтын жұмыс жоспарына еңгізу; .

3.Арыс қаласында болған апаттық жағдайға қол ұшын созып, көмек беру үшін  әр мүшесі халықты хабардар етсін

деген ұсыныс-пікірлер айтылды.           

“Талас тынысы” газетіне 28.06.2019 жылы №47 санымен “Апта айшықтары” деген мақала жарияланып, 26.06.2019ж. №68 хатымен  q-kenes.kz@mail.ru ресми сайтына да жіберілді. 

Кеңес отырысы өтетіні туралы хабарландыру 11.06.2019ж. №42 санымен “Талас тынысы” газетіне шықты. 

Аудандық “Ұлбике” ақын атындағы мәдениет орталығының 2018-2019 ж.ж. халыққа көрсетілген қызметтері және жалпы заңды, жеке тұлғалардан түскен, бюджеттен бөлінген қаржыларына басшысының есебін тындау алдында Қоғамдық кеңес жанындағы тиісті комиссия барып зерделеу жұмыстарын жүргізді, мониторингісі жасалынып, қорытындысы берілді.  13 нормативтік құқықтық актілердің жобалары (қаулы, шешім жобалары) қаралып ұсынымдар берілді. 

Добавить комментарий